Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Өткен сенбіде облыс орталығында - тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі жеңілдетілген жәрмеңке ұйымдастырылды...

Жәрмеңкеге жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Мұнда ет және сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек, ұн және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылды. Дәлірек айтсақ, баға - нарықтағы саудадан 10-15 пайызға арзан...

Мұндай жәрмеңкелер әр апта сайын ұйымдастырылып тұрады. Жәрмеңке өтетін «Нарық» алаңы Жезқазған қаласындағы С.Сейфуллин көшесі 12 мекен жайында орналасқан.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты