ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ӨНЕР ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Жезқазғандық өнер ұжымының жеңісі! Маусым айының 5 і мен 7 сі аралығында Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында өткен «Toshkent Golden Cup – 2026» халықаралық көркемөнер және спорттық би бойынша өткен чемпионаттан «Non Stop» продюсерлік орталығының бишілері бас жүлдемен оралды.
Ташкент қаласындағы чемпионат – дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бәсі биік байқау. Азияның бірнеше мемлекеті қатысқан сайыста жезқазғандық би ұжымының өнері жоғары бағаланған! Ұжым өкілдері Ташкенттегі дода – тәрбиеленушілеріне үлкен тәжірибе сыйлағандығын айтады.
Бұл жеңіс – өнер орталығының ең кішкентай мүшелерінің жеңісі! Өнерлі өрендерді теміржол вокзалынан арнайы күтіп алған ата-аналардың қуанышы айрықша.
Би ұжымы келесі дүбірлі додаларға дайындықтарын бастады. Басты мақсат: өңірдің мәдени тынысына серпін беру.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


