ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Жезқазғандық төрт студент республикалық деңгейдегі білім додасында үздіктер қатарынан көрініп, «Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының жеңімпаздары атанды. Елордадағы марапаттау рәсімінен оралған жалынды жастарды теміржол вокзалында туған-туыстары мен ұстаздары, сондай-ақ біздің түсірілім тобы қарсы алды.
Биыл байқауға еліміздің 440 колледжінен 5 500 білім алушы қатысқан. Қорытынды кезеңге іріктелген үздіктер 6 қарашада Астана қаласында өткен салтанатты рәсімде марапатталды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеңімпаздарға арнайы медальдар мен дипломдар табыстады. Ал, байқаудың жоғары бәсекесі мен үміткерлерге қойылған талаптар жеңіске жетудің оңай болмағанын аңғартады.
Республикалық үздік жүздікке Жезқазғанның төрт колледжінен білім алушысы енді. Олар - гуманитарлық колледждің төртінші курс студенті Жауһар Серікова, индустриалдық-гуманитарлық колледждің екінші курс студенті Нұрайым Құдайберген, жоғары политехникалық колледждің екінші курс студенті Әлихан Қуандық және бизнес және көлік колледжінің үшінші курс студенті Мирас Алтынбай. Жас қатысушылардың байқауға ұсынған жұмыстары да әртүрлі бағытты қамтыды. Мәселен, Әлихан Қуандықтың бастамасы кәсіби бағдар беру ісін жаңа форматта ұйымдастыруға арналған.
«2962 3ші звуктан: / Әр кезең оңайға соққан жоқ. Арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болуға тырыстық. Менің жобам «қадам» платформасы. Бұл абитуренттерге арналған мамандық таңдауға көмектесетін платформа. Психологиялық тест бар, өзін шыңдауға, өзінің қабілетін көрсетуге әртүрлі платформалар бар»
— Әлихан Қуандық, Жезқазған Жоғары политехникалық колледжінің студенті
«2937 видеодан: / / Мен өз жобамды AQUA AI жобасын 5500 студент арасына 100 үздігіне кіріп, AQUA AI жобамды оқу министрлігіне өз жобамдық қорғадым. Мақсаты бұл бізде суды үнемдейді, судағы ақауларды ерте анықтап және шығынды азайтады.Алдағы уақытта мақсатым-осылай биіктерден көрініп, Ұлытау облысының атынан жарыстарға қатысу»
— Мирас Алтынбай, Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің студенті
«2939 2ші звуктан: / / Осыған орай Ұлытау облысы білім басқармасына алғысымды айтамын. Және де колледж директоры Айгүл Сапархановнаға және де жетекшім Гүлсім Әбикеновнаға алғысым шексіз. Менің жобам Смарт кидс деп аталады. Яғни бастауыш сыныптарға арналған онлайн платформалар. Ол жобаның мақсаты-балалардың үлгерімін анықтап және де олардың білімге деген құштарлығын арттыру болды»
— Жауһар Серікова, Жезқазған Гуманитарлық колледжінің студенті
Айта кетейік, Мирас Алтынбайдың «Aqua AI» жобасы республикалық байқаудың үздік 100 жұмысының ішінен іріктеліп, үздік бестікке енді. Осылайша, Ұлытау облысының студенттері - ең үздік бес жобаның қатарында да көрінді. Бұл нәтиже - өңір жастарының әлеуетін, колледждердегі білім беру мен тәлімгерлік жұмысты айшықтаған айтулы жетістік.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


