ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

Келесі кездесу медицина саласының өкілдерімен жалғасты.Жиында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне басымдық берілді. Бұл бағытта Ұлытау облысында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Ұлытау ауылында 20 төсектік аурухана мен бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы жүріп жатыр. Екі нысанды да жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал Жезқазғанда «Zhyly Zhurek» қорының қолдауымен бір ауысымда 250 адамға қызмет көрсететін емхана салынуда. Сонымен қатар облыс орталығында онкологиялық корпус пен перинаталдық орталық бой көтермек.
Кездесу барысында медицина мамандары өңірдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға кешенді қолдау көрсететін инклюзия орталығын ашу және заманауи перзентхана салу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ өндірістік аймақ саналатын өңірдегі экологиялық ахуалға қатысты түйткілдер көтеріліп, мамандар өз ұсыныстарын жеткізді.
«4447 3ші звуктан: / Бүгінгі кездесу өте жағымды, Президенттің жолдауларын халыққа біздің мына ұжымға түсіндіру өте жақсы, көңілге қонымды жүрекпен сезіліп, біз қолдап отырмыз. Жаңағы жолдаудағы 70 аурухана емхана салынады деді, келесі жылдан бастап. Және де мына ПМСП емдеу сауықтыру шараларының айлықтары көбейеді деген тақырыптар. Бұл әрине біздің жеке дәрігерлердің көңіліне қонымды өте жақсы іс-шаралар. Әрине бұнымен шектелмей мына станционарда істейтін кісілердің де айлығын көбейтсе деген ой бар. Енді ол болашақтың ісі»
— Гаухар Жалмурзина, Жезқазған Медициналық орталығының эпидемиолог дәрігері
Мұндай кездесулер Жолдау жүктеген міндеттерді өңірдің тыныс-тіршілігімен байланыстыра талқылауға жол ашады. Делегация өкілдері жергілікті мамандардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді назарға алды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


