Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖЕЗҚАЗҒАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі Есет Байкен Жезқазған қаласының активіне шаһардың жаңа әкімін таныстырды. Бүгіннен бастап облыс орталығын Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев басқарады. Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Металлургия, экономика және бизнес салалары бойынша бакалавр дәрежесін, мемлекеттік менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» байыту фабрикасында үшінші разрядты флотатор болып бастаған. Кейін Жезқазған Байыту фабрикасының директоры қызметін атқарған. Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Сәтбаев қаласының әкімі болды. Облыс әкімі жаңа әкімге қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, жылу мен кәріз желілерін жаңғырту, инвестиция тартып, бизнесті дамыту және «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейту міндетін жүктеді

«ВИДЕО: С3096 және және және жіне Мұрат Ерболатұлы ендігі кезекте қаланың даму қарқынын сақтап қана қоймай, ар ықарай күшейту қажет. Біріншіден, қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіру қажет. Бірыңғай дизайн-код әзірлеп, қала аумағын кешенді абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек. Екіншіден, жылу желілері мен кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстарын ерекше бақылауда ұстау қажет. Үшіншіден, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасап, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыру және жаңа инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Төртіншіден, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көңіл бөліп, шаруа қожалықтарына қажетті қолдау көрсетуді қамтамасыз ету керек. Бесіншіден, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру қажет»

— Есет Байкен, Ұлытау облысының әкімі

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты