Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ФОТОШЕЖІРЕШІСІ

ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ФОТОШЕЖІРЕШІСІ

Облыстық музейде - Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі фототілші Бекет Түбековтің 90 жылдығына арналған тағылымды кеш өтті...

Бекет Түбеков саналы ғұмырының 40 жылдан астам уақытын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз және танымал фототілші.Ол Жезқазған қаласының өмірін,мәдениетін, тұрмысын және маңызды оқиғаларын суретке түсіріп, мысты шаһардың алғашқы фото-хроникасын жасаған жан. Еске алу кешінде фототілшіге арналған Көрме көптің назарына ұсынылды. Онда – Бекет Түбековтың фотоаппараттары, архивтік құжаттары, авторлық фотосуреттері мен жеке заттары қойылған.

Кеш барысында Бекет Түбековке арналған деректі фильм де көрсетілді. Дөңгелек үстелге жиналған фототілшінің әріптестері, замандастары мен ізінен ерген інілері жылыестеліктерімен бөлісті. Ал, ұрпақтары іс шара ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді.

«4955 перевод: Әкемнің фотосуреттері мен еңбектері үлкен мұра болып қалды. Бұл музей қызметкерлерінің арқасында сақталып, бүгінгі күні түрлі көрмелерде көпшілікке ұсынылып келеді.Жыл өткен сайын оның еңбегінің тарихи маңызы артып келеді. Әкем өз ісі арқылы халық жадында қалды деп ойлаймын. Бүгінде еңбегінің бағаланып, еске алынып жүргені біз үшін үлкен қуаныш»

— Нұридден Түбеков, Б.Түбековтің ұлы

Бекет Түбековтың өмір жолы – тек өзінің ғана емес, тұтас қаланың тарихы... Оның сәтті кадрға түсіре қойған сәулелі сәттері – әлі талай ұрпаққа құнды мұра болары сөзсіз.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты