ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІ КЕҢЕЙЕДІ

Жезқазғанның жасыл белдеуін кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Осы мақсатта қала аумағынан 21 гектар жер бөлінуде. Оның 15 гектары Жезқазған–Сәтбаев тасжолының бойында, тағы 6 гектары «Батыс» тұрғын ауданында орналасқан. Мұнда биыл 8 мыңға жуық жас көшет отырғызу жоспарланып отыр. Қазір белгіленген аумақтарда жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ал көшет отырғызу алдында топырақ құрамына агрохимиялық талдау жүргізіліп, оның көгалдандыруға жарамдылығы анықталған.
«тан: / / Бұл жұмыстардың мақсаты-Жезқазған қаласының жасыл белдеуін қалыптастыру. Алдағы уақытта осы көшеттерді күтіп ұстау жұмыстары Жезқазған қаласының мәдени және демалыс парктерін басқару мемлекеттік мекемесінің бақылауында болады. Бұл жұмыстарды атқаруға үлкен септігін тигізіп жатқан қаламызда орналасқан Қазақмыс смелтинг компаниясы, Қазақмыс энерджи компаниясы, Тау-кен өндірісі және КазТрансОйл мекемелері»
— Әділ Темоханов, Жезқазған қаласының мәдениет және демалыс парктерін басқару КММ директорының м.а
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


