ЖОЛ САПАСЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАМЕН БАҒАЛАНАДЫ

Жолдың сапасын көзбен бағалау жеткіліксіз. Оның беріктігі, қозғалысқа жарамдылығы мен түсетін жүктемесі арнайы құрылғылар арқылы анықталады. Осы бағыттағы жұмыстарды «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Ұлытау облысы бойынша филиалы жүргізіп келеді. Мамандар заманауи жылжымалы диагностикалық зертхананың көмегімен жолдардың техникалық жағдайын жан-жақты бағалайды.
Жылжымалы зертхана - жолдың жай-күйін кешенді тексеруге арналған арнайы көлік. Оның көмегімен мамандар жолдың техникалық көрсеткіштерін жинап, көлік қозғалысына әсер ететін факторларды анықтайды. Мұндай диагностика жолдың қай бөлігінде мәселе барын дер кезінде байқап, жөндеу жұмыстарының көлемін нақтылауға мүмкіндік береді.
Диагностика кезінде жолдың өзімен қатар, оған түсетін көлік жүктемесі де назардан тыс қалмайды. Қозғалыс қарқынын анықтау үшін арнайы «метракаунт» құрылғысы қолданылады. Ол көлік құралдарының өтуін автоматты түрде тіркеп, жиналған ақпаратты нақты есепке айналдырады.
«1052 / перевод: Бұл құрылғы жолдан өтетін жеңіл және жүк көліктерінің санын есептейді. Көлік арнайы түтіктердің үстімен өткен кезде, оның неше дөңгелек осі бар екенін де анықтайды. Осы мәліметтердің барлығы арнайы есептегішке тіркеледі. Кейін ақпарат өңделіп, жол диагностикасы туралы есепке енгізіледі»
— Жанат Саликов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ұлытау облысы бойынша сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің бастығы
Көлік ағынының қарқыны жолға түсетін салмақты бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл көрсеткіштер жолды күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарын жоспарлау кезінде ескеріледі. Ал кешенді диагностика әр учаскенің жағдайына қарай қажетті шараны дәл айқындауға негіз болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


