Жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Биыл облыста - республикалық маңызға ие автомобиль жолдарында 236 шақырым қайта жаңғыртудан өтсе, 114 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде - Ұлытау облысы әкімінің салаға жауапты орынбасары Алмаз Ыдырысовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды...

Жол – өңір дамуын жеделдететін маңызды сала! Ұлытау облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2 711 шақырымды құрайды, оның 989 шақырымы республикалық маңызы бар жолдың қатарында. Аталған мәселеде аймақта бірінші және ұзақ жылдан бері айтылып келе жатқаны Жезқазған – Қызылорда бағытындағы тас жолдың «тағдыры». Алмаз Ыдырысов - бұл жолдың облысқа тиесілі бөлігін асфальттау жұмысы қарқынды жүргізілуде деді...

Сонымен қатар, брифингте жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан Ұлытау – Арқалық, Жезқазған – Қарағанды бағытындағы жолдардың жәйі де көтерілді...

Бұдан бөлек аудандық деңгейдегі жолдар мен облыс орталығындағы аулаішілік жолдардың жөнделуі жөнінде де ақпараттар берілді. Айта кетейік, 2026 жылы Жезқазған қаласы бойынша 13 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты