ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ЗаңМенТәртіп Жезқазған әуежайынан тәулігіне 400-ге жуық жолаушы ұшып келіп, ұшып кетеді екен. Ал ондағы қауіпсіздік бірінші орында тұруы қажет. Осыған байланысты көлік прокуратурасы мен полиция қызметкерлері Жезқазған әуежайында құқықтық акция өткізді. Іс-шара барысында жолаушыларға заңға сәйкес қаруды сақтау және тасымалдау ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен олардың салдары туралы ақпарат берілді. Айта кету керек, еліміз бойынша 2025 заңсыз қару сақтау мен тасымалдау бойынша 213 дерек тірекелген екен.
Жалған терроризм хабарламаларының алдын алу да ерекше назарда. Әзіл ретіндегі жалған хабарламалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Статистика көрсеткендей, 2025 жылы осындай 15 дерек тіркелсе, 2024 жылы 24 жағдай тіркелген.Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі де маңызды. Вокзалдар, әуежайлар мен автовокзалдар «сергек аймақтар» ретінде қарастырылады. Мұнда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде келу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Мамандардың айтуынша, халықты құқықтық тұрғыда ақпараттандыру - құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы. Сол себепті негізгі ережелер қысқа әрі қолжетімді түрде ақпараттық парақшаларда жарияланып, жолаушылар пойыздарының вагондарында және вокзалдарда таратылады. Айта кету керек ,мұндай жүргізіліп жатқан шаралар ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және көліктегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


