«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

Биыл өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Жыл басынан бері 51 апат тіркелген, ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 68 болған. Сондай-ақ, былтыр 98 адам жарақат алып, 5 адам қаза тапса, биыл жарақат алғандар саны 77-ге дейін төмендеп, 3 адам көз жұмған. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өңірде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын жол ережесін сақтауға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындар өзге де сұрақтарына жауап алды. Жолда қабылдау шарасы алдағы күндері де жалғасады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


