Жаңалықтар

«ЖОЛДАҒЫ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ

«ЖОЛДАҒЫ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ

Облыста – «Жолдағы балалар» жедел профилакталық іс шарасы басталды. Жазғы демалысқа шыққан балалардың қауіпсіздігін көздеген шара 7 ші маусымға дейін жалғасады.

Иә, балалардың қауіпсіздігі – баршаның ортақ міндеті.

Аталған мақсаттағы іс-шарада – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру бағыты көзделген...

Ресми статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары салдарынан 25 жасөспірім түрлі дене жарақатын алған. Рейд барысында полиция қызметкерлері жүргізушілер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар көп жиналатын орындарда, аулаларда және жол бойында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері - ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және кәмелетке толмағандарға қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін үйретуге шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты