«ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

Республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 27-шақырымында «Жолдағы қабылдау» профилактикалық іа шарасы өтті. Шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акцияны Ұлытау облысының Полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды. Шара барысында мамандар жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау мен көлік тізгінінде жауапкершілік танытудың маңызын түсіндірді.
Жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздіктің негізгі талаптары түсіндірілді. Мамандар жылдамдық режимін сақтауға, жол мен ауа райы жағдайын ескеруге, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуға шақырды.
Акция барысында мамандар автожолдың жағдайын да тексерді. Жол жабыны, жол белгілері мен қоршаулардың жай-күйі назарға алынды. Сонымен қатар, жүргізушілерге қауіп төндіруі мүмкін учаскелер анықталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


