Жаңалықтар

«ЖОШЫ ХАН» ТАРИХИ МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ 500 АҒАШ ЕГІЛДІ

«ЖОШЫ ХАН» ТАРИХИ МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ 500 АҒАШ ЕГІЛДІ

18 ші сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Атаулы күнде – облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйытқы болуымен, «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында – «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінде сенбілік жұмыстары жүргізіліп, кешен ауласындағы ашық алаңқайға 500 ден аса ағаш көшеті отырғызылды...

Тасын түртсең тарих айтатын Ұлытау даласында жергілікті маңызы бар 490, республикалық маңызға ие 17 ескерткіш ресми тіркелген. Соның ең көне һәм көпке мәлімі: «Жошы хан» мазары. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен оған қарасты барлық мекеме ат салысқан тазалық жұмысына 200 ден аса адам қатысты. Сенбілікпен қатар жүргізілген тал егу шарасы – тарихи кешеннің туристік бағыттағы таным келбетіне оң серпінін береді деп күтілуде...

Табиғатты қорғау мен пайдалану – адамзат баласының айнымас борышы. Іс шараға белсене қатысқан мәдениет саласының майталмандары: басты мақсатымыз экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үн қосу дейді.

Айта кетейік, мұнда отырғызылған ағаштар өңір климатына бейімделген әрі төзімді келеді деп арнайы таңдалып алынған. Мәдениет қызметкерлері – егілген талдарды уақтылы суарып, күтіп баптау жұмыстарын да назарда ұстамақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты