Жаңалықтар

ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСЕҢІЗ

ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСЕҢІЗ

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еңбек мобильділігі орталығының бірлесе қолға алуымен кезекті «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.

Жұмыссыздықпен жүйелі күрес – жаңа Қазақстанның бірінші кезекке қойған мәселесі. Бүгінгі жәрмеңкеде – «екі қолға бір күрек» іздеп жүрген жезқазғандықтар үшін шаһарымыздағы 15 мекеме, 100 ге жуық бос жұмыс орынын ұсынды.

Жәрмеңкеде пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар да назардан тыс қалмады. Алимент санаты бойынша қарызы бар борышкерлерге де осы жәрмеңкеде жұмыс берілуде.

«( Мен - «Аграрлық несие корпорациясының» өкілімін. Біздің ұйым Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласында жемісті еңбек етіп келеді. Біз бүгінгі жәрмеңкеде 3 бос жұмыс орнын ұсынудамыз. Осы жәрмеңкенің көмегі арқылы өзімізге қажетті кадрды табамыз деген үміттеміз. Сәйкесінше, жұмыс іздеушілер де жұмыспен қамтылады.)»

— Айлин Ахметова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілі

Іс шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары жұмыс іздеушілерге түрлі бағытта кеңестер де берді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты