ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ЖИЫНЫ

ҚР Журналистер Одағының Ұлытау облыстық филиалының кезекті жиыны өтті. Онда - өңірлік журналистикадағы өзекті мәселелер мен аталған филиалдың алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Ұлытау облысында 2 телеарна мен 10 ға жуық ресми басылым бар. Онда 100 ден аса БАҚ өкілі еңбек етеді. Журналистер одағының жиыны – облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаевтың баяндасымен басталды...
21 ғасыр – ақпарат ғасыры! Ал, журналистер қауымы – сол ақпаратты жұртшылыққа сапалы жеткізетін жауапты мамандық иелері. Жиын барысында аймақ ақпарат айдынының бүгінгі тынысы кеңінен тарқатылды. Ұлытаудың қос ұланы Баубек Бұлқышев пен Камал Смайлов атында арнайы жүлде белгілеу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында ҚР Журналистер одағының қатары толықты. Одақтың мүшелік билеті мен төсбелгісі «Қазыналы өңір» газетінің тілшісі Гауһар Насриддиноваға, «24 кз» арнасының таспагері Нұрбол Үздікбаевқа және «Ұлытау» облыстық телеарнасының журналисі, әріптесіміз Максим Даренскийға табысталды.
Бұдан бөлек жиында өңірдегі Журналистер одағы филиалы мүшелерінің деректерінің базасын қалыптастыру жұмыстары да қолға алынатындығы айтылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


