ЖЫЛУ СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті - Сәтбаев қаласындағы жылу энергетикасы кәсіпорындарына кезекті баспасөз турын ұйымдастырды.
Жылуэнергетика кәсіпорны Сәтбаев қаласы мен өнеркәсіптік нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын құрамындағы №1 және №2 жылу станцияларында биыл бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылған. Соның бірі – №3 су жылыту қазандығын күрделі жөндеу жұмысы. Аталған жобаның құны 352 миллион теңгеден асады.
-(Бұдан бөлек - Жылу станциясының №2 мазут шаруашылығындағы автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесі жаңартылды. Бұл – мазут сақталатын арнайы нысан. Төтенше жағдайлар, яғни өрт немесе тұтану болған кезде жүйе автоматты түрде іске қосылады. Мұнда жарық датчиктері орнатылған. Олар жалынның пайда болғанын анықтап, өртті автоматты түрде сөндіреді. Қазіргі таңда барлық жұмыс толықтай орындалу деңгейінде.) Кәсіпорын өкілдері, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жылумен жабдықтау жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде 2026-2027 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға оң нәтижесін бермек.
Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері жылу станцияларының жұмысымен танысып, жүргізіліп жатқан жөндеу және инвестициялық жобалар бойынша салаға жауапты мамандарға сауалдарын қойды. Кәсіпорын тынысы бекітілген кестеге сай кедергісіз жүргізілуде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


