Жаңалықтар

«ЖЫРЛАРЫМ, ЖЫЛДАРМЕНЕН ЖАЛҒАСЫҢДАР»

«ЖЫРЛАРЫМ, ЖЫЛДАРМЕНЕН ЖАЛҒАСЫҢДАР»

Биыл – поэзия әлемінің дара шыңы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы. Қазақ әдебиетінің қайталанбас құбылысына баланған мұзбалақтың туған күніне орай Жезқазған қалалық орталықтандырылған кітапханасында «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өтті...

Мұқағали ақынның жыр кешін қалалық Кітапхана – Халық Достығы мен Мәдениеті үйі ұжымымен бірлесе өткізді. Шайырдың атақты «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен бастауын алған шара бірнеше бөлімнен тұрды.

Жастайынан жырға құмар өскен Мұқағали Мақатаев - ешкімге ұқсамайтын өрнекті өлеңдерімен талғамы биік оқырманның жүрек түкпірінен орын алған. Тағылымды кештің көрермендері де ақын шығармашылығынан үзінділер оқыды...

Кеш барысында Ақын өмірі жайында бейнебаян көрсетілді. Кітапхана жанынан құрылған «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері Мұқағалидың жырларын жатқа айтты.

Иә, Мақатаевтың мәңгі өлмейтін туындылары – ғасырдан ғасырқа көшкен асыл қазына!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты