Жезқазған +3° Сәтбаев +3° Қаражал +2° ҰБ бағамы USD 458.28▲EUR 501.45▲RUB 5.59▲CNY 68.77▲
Бейнеролик

Сәтбаевта “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

18 қазанда Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ҚР ІІМ-де тергеу-жедел тобы құрылып, өңірге практикалық көмек көрсету үшін арнайы жіберілді. Сол күні ІІМ және облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Сәтбаевта қоғамдық тәртіпті…

Сәтбаевта “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

18 қазанда Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ҚР ІІМ-де тергеу-жедел тобы құрылып, өңірге практикалық көмек көрсету үшін арнайы жіберілді. Сол күні ІІМ және облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Сәтбаевта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жергілікті профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді. Сонымен қатар қалада “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның шеңберінде қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды, ойын-сауық мекемелерінің маңында және азаматтардың көп жиналатын басқа да орындарында патрульдеу ұйымдастырылды. Атыс қаруының иелері тексерілді. Оны сақтау шарттарын бұзудың 23 фактісі анықталды. Нәтижесінде 23 атыс қаруы тәркіленіп, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полицейлер жолдарда құқықтық тәртіпті сақтауды күшейтті – жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесуге және автокөлік құралдарын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді ұстауға ерекше назар аударылды. Профилактикалық іс-шараның екі күнінде полиция күштерімен 334 құқық бұзушылық анықталды және оның 161-і жол ережесін бұзуымен байланысты. Екі мас жүргізуші ұсталды. Арнайы автотұрақтарға 31 көлік қойылды. Көшелердегі тексеру кезінде 29 шаншу-кесу және ұру заттары, сондай-ақ екі атыс қаруы тәркіленді. Полицияға 214 адам жеткізіліп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Есірткіге қатысты бір факт тіркелді. Сонымен қатар басқа қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Сәтбаев қаласының аумағында жедел-тергеу және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

После произошедшего 18 октября факта хулиганства, сопряженного с покушением на убийство жителя города Сатпаев, в МВД РК была сформирована следственно-оперативная группа, которая направлена в регион для усиления и оказания практической помощи. В тот же день сотрудники МВД и регионального Департамента полиции области Ұлытау провели локальные профилактические отработки по обеспечению общественного порядка в Сатпаеве. В результате принятых мер задержано и водворено в изолятор временного содержания 5 подозреваемых в совершении указанного преступления. Установлены причины конфликта, изъято орудие преступления. Наряду с этим, в городе проходит оперативно-профилактическое мероприятие “Правопорядок”. В ее рамках активизирована работа по предупреждению и пресечению правонарушений и преступлений в общественных местах и на улицах, организовано патрулирование в районах увеселительных заведений и других местах массового посещения граждан. Проверены все владельцы огнестрельного оружия. Было установлено 23 факта нарушения условий его хранения. В результате 23 единицы огнестрельного оружия изъяты, а их владельцы привлечены к административной ответственности. Одновременно полицейские усилили поддержание правопорядка на дорогах – особое внимание акцентировано на пресечение нарушений Правил дорожного движения и задержанию водителей, управляющих автотранспортными средствами в состоянии опьянения. Также организована профилактическая работа во дворах жилых домов и дачных массивах, к которой привлечены представители общественности, волонтерских организаций. За два дня профилактического мероприятия силами полиции выявлено и пресечено 334 правонарушения, в том числе 161 по линии дорожной безопасности. Задержано два пьяных водителя. На специализированные стоянки водворен 31 автомобиль, водители которых грубо нарушили ПДД. При досмотрах на улицах изъято 29 колюще-режущих и ударных предметов, а также две единицы огнестрельного оружия. Проверены все увеселительные заведения и гостиницы города. В полицию доставлено и профилактировано 214 человек из числа молодежи, которым даны разъяснения о недопущении нарушений общественного порядка. Задокументирован один наркопроступок. Кроме того, задержано двое подозреваемых в других преступлениях. Оперативно-следственные и профилактические мероприятия на территории города Сатпаев продолжаются.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты