Жаңалықтар

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ АРТУДА

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ АРТУДА

Жыл басынан бері Ұлытау облысында ішімдік ішкен күйде көлік басқарудың 301 дерегі тіркелген. Оның 34-і қазан айында анықталған. Сонымен қатар 24 жағдайда жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың алкогольдік, есірткілік немесе масаң күйде көлік тізгіндегені белгілі болды. Мұндай заңбұзушылықтар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«Жүргізуші куәлігінің жоқтығына қарамастан, азаматтардың алкогольдік немесе өзге де масаң күйде көлік басқару деректері тіркелген. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығына елеулі қауіп төндіреді. Полиция қызметкерлері азаматтарды жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және мас күйде көлік тізгіндемеуге шақырады. Сондай-ақ көлік басқаруға құқығы жоқ адамдарды рөлге отырғызбау қажеттігін ескертеді. Аталған құқықбұзушылықтар үшін жүргізушілерге 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған»

— Нұрсұлтан Қасым, облыстық әкімшілік ПБ бастығының м.а

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты