Ұлытау ауданы

АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ!

АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ!

«Ана – өмірдің шуағы!» Осындай атаумен Ұлытау ауданы әкімінің нәзікжандылар қауымын дәстүрлі мерекелік қабылдауы өтті. Сонымен қатар, аталған мейрамға орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Кеңірек аудан орталығына арнайы барған тілшіміз тарқатады...

Ұлытаулық әйел-аналарға арналған мерекелік бағдарламалар легі руханият орталығынан бастауын алды. Мұнда алдымен жиналғандар назарына аудандық өлкетану музейі ұйымдастырған ерекше көрме ұсынылды. Көрмеде – қазақ қыздарының әр жаста киетін ұлттық киім үлгісі жарасымды көрініс тапқан...

Салтанатты қабылдауға ауданда әр салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншіктер мен ақ жаулықты әжелер мен көпбалалы аналардан құралған 30 ға жуық нәзік жанды шақырылған. Аманжол Мырзабеков көктемнің алғашқы шуағымен жеткен ерекше мерекемен құттықтап, сый құрмет көрсетті.

Шара барысында ауданға қарасты шалғай ауылдардан келген Аналар ақжарма лебіздерін білдіріп, ауданның дамуы бағытында ой пікірлерін ортаға салды.

Жергілікті өнерпаздар тақырыпқа сай әндер шырқап, өрелі өлеңдер оқыды.

Салтанатты жиын – аудандық Мәдениет үйіндегі салтанатты концертпен жалғасын тапты. «Көктем гүлі - Ана» атауымен өткен кеште аудан әкімі мінберге көтеріліп, құрсағына құт біткен Аналарға Президент Жарлығымен жіберілген «Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдарын табыс етті. Сондай-ақ ауданның әлеметтік экономикалық дамуына үлес қосқан нәзік жандылар «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы ахат Құрмансейітов те құттықтау сөз сөйлеп, түрлі дәрежедегі марапаттар табыстады. Құшақтары гүлге, жанарлары нұрға толы жандар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Нәзік жандылардың Ұлытау ауданының қоғамдық өміріндегі белсенділіктері жоғары Мерекелік кеш – мерекелік көңіл күйде мәреге жетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты