Ұлытау ауданы

«АҚ ОТАУДЫҢ АЖАРЫ»

«АҚ ОТАУДЫҢ АЖАРЫ»

Салт-дәстүр салтанат құрған ерекше байқау! Ұлытау аудандық мәдениет үйінде «Ақ отаудың ажары» атты аудандық келіндер сайысы өтті.

Аудан орталығында ұйымдастырылған Келіндер сайысында – ауданға қарасты кенттер мен ауылдардан 10 үміткер бақ сынады. Таныстыру, тапқырлық додасы, өнер байқауы, қолөнер шеберлігі және «Келін стилі» атты 5 кезеңнен тұрған сайыс – тартысқа толы болды.

Байқау барысында қатысушылардан қазақтың ғана келіндеріне тән парасаттылық пен терең тәлімге және сөйлеу әдебіне баса назар аударылды. Ұлттық құндылықты үлгі еткен кеш – көрермендерге де айрықша әсер сыйлады.

Сайыс қортындысында Бас жүлдені Қаракеңгір ауылының намысын қорғаған Жансая Қожабай жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйақылар мен алғыс хаттары табыс етілді. Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын деген қағиданы ұстанған байқау келер жылы да жалғасын таппақ...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты