Ұлытау ауданы

АУЫЛ ОРТАЛЫҒЫНДА – ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

АУЫЛ ОРТАЛЫҒЫНДА – ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Ұлытау ауданында балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған кешенді жоспар жемісті жүзеге асырылуда. Кейінгі 3 жылдың өзінде аудан орталығы мен оған қарасты елді-мекендерде 30-ға жуық көпфункциялы ойын алаңы орнатылған. Соның бірі – жуырда ғана пайдалануға берілген Сарысу ауылындағы шағын футбол алаңы...

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген кезекті жоба құрылысы өткен айда аяқталған.

Ауыл орталығындағы жаңа спорт алаңы жасанды көгалмен көмкеріліп, қауіпсіздік талаптарына сай арнайы қоршаумен қоршалған...

Бұдан бөлек, шағын фубол алаңы аумағын қосымша абаттандыру да қолға алынбақ. Бүгінде ауылдың доп тебуге ебі бар балалары күнделікті осы алаңда жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Жаңа спорт алаңы – ауылдың әлеуметтік әлеуетіне оң серпін беріп, балалардың спортпен тұрақты шұғылдануына жол ашқан.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты