ҚАРСАҚБАЙДЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен өңірде жүзеге асырылған кезекті жоба! Бұл жолы – Ұлытау ауданына қарасты Қарсақбай кентінің Мәдениет үйі заманауи үлгіде жаңартылып, жұртшылық игілігіне пайдалануға берілді...
Қазақтың қара шаңырақ Қарсақбайында қолға алынған жобаның жалпы құны - 167 млн теңгені құрайды. Оның 150 миллоны «Қазақстан халқына» қоры есебінен, қалған 17 миллионы аудандық бюджеттен бөлінген. Жұмыс барысында Мәдениет үйінің ауласындағы ашық алаңқайға үлкен сахна қойылып, дыбыс және жарық жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аталған алаңға ұлттық нақыштағы арт-киіз үй мен алтыбақан да орнатылған...
Жаңарған алаң - кент тұрғындарының мәдени-рухани тынысын кеңейтіп, жас таланттардың шығармашылығын қолдауына оң серпін береді деп күтілуде...
Салтанатты іс-шара жаңартылған Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Оған - «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева мен Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы қатысты.
Жаңғырту аясында мәдениет үйінің концерт өтетін залы мен үйірме кабинеттері толықтай заманауи жабдықтармен қамтылған.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Ұлытау облысында қолға алатын ауқымды жобалары келер жылы да жүзеге асырылмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


