БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Баланың қауіпсіздігі - отбасы мен мектепке жүктелген ортақ міндет. Жезқазғандағы «Шабыт» шығармашылық орталығында осы бағыттағы өзекті мәселелерге арналған жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиында көтерілген негізгі тақырыптардың бірі- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Статистикаға сүйенсек, Ұлытау облысында ағымдағы жылдың басынан бері түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілінсіз жүрген 1 000 нан аса кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған. Мамандар ата-аналарға баланың күнделікті жүріс-тұрысына, араласатын ортасына және әлеуметтік желідегі белсенділігіне назар аудару қажеттігін түсіндірді. Әсіресе буллинг, кибербуллинг және интернет арқылы заңсыз әрекеттерге тарту қаупіне тоқталды.
Біз қазір үштік одақта жұмыс жасаймыз. Бала тәрбиесімен айналысу яғни қауіпсіздігі, басқа да жағдайлар осы инспекторлармен және білім орындарымен және ата-анамен үш жақты байланысты қарастыра отырып, оларды осындай жауапкершілікке ала отырып қорғау үстіндеміз. Қазір тағы да мен ескерте кететін жағдай яғни біз, Жезқазған қаласы полиция басқармасы инспекторлары ескертеді! Бізде алдағы уақытта опера-техникалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған қатысты сіздерден өтініш, балаларыңыздың қауіпсіздігін жарылғыш немесе жанғыш заттарға жоламауын осы сәтті пайдалана отырып сіздерден үлкен өтінішпен сұраймын.
Басқосуға қаланың 20 мектебінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен 30-ға жуық ата-ана қатысты. Кездесудің келесі бөлімінде прокуратура өкілі ата-аналардың бала алдындағы міндеттері мен заңдық жауапкершілігін түсіндірді. Сондай-ақ баланың құқығы бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігі жөнінде ақпарат берді. Ал төтенше жағдайлар басқармасының маманы өрт, тұрмыстық қауіпсіздік және қыс мезгіліндегі мұз үстіндегі сақтық шараларына тоқталды.
Бүгін осындай үлкен іс-шара, жиындар болып жатыр. Балаларға, ата-аналарға байланысты. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып бола берсе екен дейміз.
ашық диалог бөлімінде ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Айта кетейік, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


