БАТЫС АУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛУДА

Өңірде – елді-мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі жалғасуда. Көгілдір отынның игілігі қала іргесіндегі Батыс ықшам ауданына да жетті... Толығырақ Алма Сәлімжанқызы тарқатады..
Көгілдір отынның келуі - тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш. Енді олар үйін жылыту үшін көмір тасып, пеш жағудың машақатын азайтпақ. Оған қоса бұл - тек тұрмыстық қолайлылық қана емес, өңіріміздің инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.
КАДРДАН ТЫС МӘТІН: Жобаның техникалық жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде ауданда орнатылған 8 газ тарату жүйесі іске қосылып, желіге табиғи отын жіберілді. Жоба аясында 960 тұрғын үйге газ жеткізуге арналған арнайы шығару нүктелері әзірленген. Қазірдің өзінде 80 абонент техникалық шарт алып, үйлерін көгілдір отынға көшіруге дайындық жүргізуде.
Жаңадан құрылып жатқан ықшам аудан – Батыс ықшам ауданы. Ең бастысы келісілгендей, облыс әкімінің қолдауымен 10-шы қараша дедік. Бүгінгі күннің соңына дейін барлық үйге газ беріледі. Сонымен үйіміз да жылыйды. Дұрыс, құтты болсын!
КАДРАН ТЫС МӘТІН: Орталық желіге қосылу үшін тұрғындар да бірқатар талапты орындауы қажет. Атап айтқанда, қажетті құжаттарды рәсімдеп, үй ішіндегі газ жабдықтарын орнату жұмыстарын белгіленген техникалық нормаларға сәйкес жүргізуі тиіс.
Ал енді бұл газдың пайдасын айтатын болсам, Бұл газ өте пайдалы. Далаға біржаққа кеткен кезде мысалы ешқандай қорықпайсың. Газ өзі ақырын жанып тұра береді. Үй жылып тұрады. Бұрыңғыдай түтін жоқ, күл алу жоқ. Ал барлықтарыңа жақсылық, амандық тілеймін. Көгілдір отынның қызығын көре беріңіздер.
КАДРДАН ТЫС МӘТІН: Айта кетейік, Табиғи газды отын ретінде пайдалану халықтың тұрмысы үшін қолайлы жағдай туғызып, экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етпек. Экономикалық тұрғыдан да тиімділігі жоғары.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


