«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ»

«Бір ауыл – бір өнім!» Ұлытау ауданында жергілікті кәсіпкерлер өндіретін өнім түрлері ұсынылған дәстүрлі көрме өтті.
Аталған көрме аудан орталығында биыл үшінші мәрте ұйымдастырылуда. Негізгі мақсат: жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін насихаттау мен бизнес саласында өңірлік бренді қалыптастыру және оны дамыту. Аудан әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы бірлесе өткізген көрмеге ұлытаулық17 кәсіпкер қатысып, ет, сүт өнімдерін, қолөнер шеберлерігімен жасалған креативті кәдесыйларды ұсынды.
Көрме барысында кәсіпкерлер өзге әріптестерімен тәжірибе алмасуға да мүмкіндік алды.
Аудандық көрмеде үздік атанғандар маусым айының 20 сында Жезқазғанда өтетін облыстық көрмеге жолдама алады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


