«БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ ЕЛІМІЗДІҢ МЕРЕЙІ!»

«Бірлік пен татулық еліміздің мерейі!» Осындай атаумен Ұлытау ауданының орталығында 1 ші мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті...
Елдің ішіндегі түрлі этнос пен ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен мамыр айының мамыражай күні – Ұлытауда ашық аспан астындағы тағылымды шарамен басталды. Мерекелік алаңға жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов арнайы құттықтады.
Іс шарада ауданда ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі салтанат құрып, көшпелі мәдениеті кеңінен насихатталды.
Мерекелік кеш барысында татулықты ту еткен бауырлас елдердің әндері шырқалып, достық лебіздер айтылды. Азаттықтың алтын бесігі бірлік деп ұғынатын ұлықты ұрпақты тәрбиелеу үшін де мұндай күндердің берері мол, әрине!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


