Ұлытау ауданы

ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ АДАЛ ҚЫЗМЕТ!

ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ АДАЛ ҚЫЗМЕТ!

«Ел игілігі жолындағы адал қызмет!» Осындай атаумен Ұлытау ауданының орталығында Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті...

Мемлекеттік қызметкер пен Полиция өкілдері - елдің дамуы мен қоғамның тыныштығы жолында еселі еңбек етіп жүрген жандар! Қос мамандық иелерінің кәсіби мерекесіне арналған жиын аудан әкімі Аманжол Мырзабековтың алғысөзімен ашылды.

Аталған шараға сала ардагерлері арнайы шақырылып, оларға «Ұлытау ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табыс етілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет пен Полиция озаттары Ұлытау облысы мен Ұлытау ауданының Құрмет грамоталарымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатының қалтқысыз орындалуына адал еңбек еткен тәртіп сақшылары «Ішкі істер органдарының үздігі» атанды.

Бүгінде Ұлытау ауданында 100 ден аса мемлекеттік қызметкер, 60 қа жуық Полиция өкілі бар. Осы жиында мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан жас маман салтанатты түрде ант қабылдады. Ілкімді шара – жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен мәреге жетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты