Заң мен тәртіп

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

«Заң мен Тәртіп». Аталған қағидат аясында - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалында бизнестің проблемалық мәселелері мен ондағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған жиын өтті...

#ЗАҢМЕНТӘРТІП логотипымен «Атамекен» ұсынған алаңдағы жиынға – Ұлттық қауіпсіздік комиетінің Ұлытау облыстық департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: шағын және орта бизнес саласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының орындалу барысы және аталған бағыттағы ақпараттық түсіндірме жұмыстары.

Елімізде бірқатар шай түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес енгізілген. Бұл жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары айтты.

-(«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» жөніндегі талаптарға байланысты еліміздің сауда нарығындағы:«Апамның шәйі Premium gold», «Орда Кения», «Sultan Suleyman», «БАЛҚИЯ Premium gold» сынды бірнеше қара шай түрін сатуға болмайды. Біз кәсіпкерлерге бұл жөнінде бұған дейін де әлеуметтік желідегі парақшаларымыз арқылы ақпарат бергенбіз. Аталған шәй өнімдерінің адам денсаулығына зияндылығы анықталуда. Түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізетін боламыз.) Айта кетейік, біздің өңірде бүгінде – 18 мыңнан аса жеке кәсіпкер тіркелген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту мен саладағы түйткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды көздейтін жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты