ӨҢІРДЕ ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Өңірде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа заманауи жоба іске қосылды. Прокуратураның бастамасымен және «Яндекс Такси» сервисімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бұл жоба - азаматтардың күнделікті өмірінде заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуды көздейді.
Күн сайын мыңдаған жолаушымен тікелей қарым-қатынас жасайтын такси жүргізушілері енді тек тасымалдаушы қызметін атқарып қана қоймай, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға да өз үлесін қосады.Осы мақсатта көліктерге арнайы логотиптер орнатылып, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ оларға заң мен тәртіптің негізгі қағидалары қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Жобаның негізгі мақсаты - жолаушыларға заңды сақтау, қоғамдық тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру. Бүгінде арнайы логотиптер 20-дан астам автокөлікке орнатылған. Алдағы уақытта жоба аясын кеңейтіп, 90 көліктің барлығын қамту жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, жоба қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


