Заң мен тәртіп

ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Облыс орталығында – облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев халықпен кездесіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша есеп берді. Аталған департамент бастығы: «өңірдегі жедел жағдай тұрақты, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қылмыс саны айтарлықтай азайды. – деді...

Заңментәртіп логотипымен Полиция департаментінің бастығы облыс аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны едәуір төмендегенін жеткізді. Бұл – полиция қызметінің профилактикалық бағытқа басымдық бергенінің айқын дәлелі. Аймақта аталған бағыттағы жұмыстар Президент ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген. Ресми статистикаға сүйенсек, аса ауыр қылмыстар 50%-ға, ауыр қылмыстар 13,3%-ға азайған.

Айта кетерлігі, Заман ағымына сай қылмыстың кей түрлері онлайн-ортаға ауысқан. Аталған ретте Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері заманауи технологияларды іске қосқан...

«Киберпол» бөлімі 5 мыңнан астам заңсыз сайтты бұғаттап, нәтижесінде 1 000-нан астам «дропперлердің» жолы кесілген. Сондай-ақ өңірге қарасты шалғай ауылдардағы мал ұрлығы мәселесі де жіті бақылауда. Бұл бағытта да бірқатар қылмыстың беті ашылған.

Полиция департаменті бастығының есебінен кейін кезек сұрақ-жауап форматына ауысты. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың дені қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпке байланысты болды. Жиыннан соң Нұрхан Оразбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты