Жаңалықтар

КЕҢГІРДЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

КЕҢГІРДЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Мал шаруашылығының дамуы ветеринариялық қызметтің қолжетімділігіне тікелей байланысты. Осы бағытта өңірде биыл 22 ветеринариялық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың бірі Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылдық округінде ашылды.

Кеңгір - мал шаруашылығы өркендеген ауылдардың бірі. Мұнда 4 мың аса ірі қара, 7 мыңға жуық ұсақ мал, 6 мың жылқы және 30 дан аса түйе өсірілуде. Жаңа ветеринариялық пункт ауылдағы мал дәрігерлік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттырмақ. Ғимарат жануарларды арнайы бекіту құрылғысымен жабдықталған. Оның көмегімен мамандар малды екпелеу, қан алу және диагностикалық тексеру жұмыстарын қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда жүргізе алады.

Жаңа ветеринариялық пункттің құрылысына 15 миллион 143 мың теңге бағытталған. Қазір мұнда үш маман - меңгеруші, ветеринариялық фельдшер және санитар тұрақты еңбек етеді.

«3284 / Осы ветеринариялық пункттің құрылыс жұмыстары жаз мезгілінде басталды. Енді қазір толығымен біздің мамандар кіріп, жұмыс жасап отыр осында. Бұл ветеринариялық пункт өте тиімді.Бізде құрал жабдықтар толық қамтамасыз етілген. Жаңадан нива автокөліктеріміз бар. Әр округтер бір біреуден бар»

— Ұланғайыр Төлеков, Жезқазған қалалық ветеринария станциясы басшысының м.а

«3338 / Осы ветеринариялық пункт бізде ветеринариялық қызметтерді тезірек атқаруға, сапалы атқаруға,ветеринарлық санитарлық талаптарды сақтауына үлкен үлесін қосуда. Бізде енді облыс бойынша айтатын болсам 12 аса қауіпті аурларға және 1 энзоотиялық ауруға профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Енді бізде қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан профилактикалық іс-шараларға вакциналар толыққанды игерілді. Және осы жылға толық сатып алынды.Келесі жылға қазір жоспарлар жүріп жатыр. Бізде вакцина жетпей қалды деген проблема болған емес»

— Арман Сайлау, Жезқазған қалалық ветеринариялық инспекция басшысының м.а

Ветеринариялық инфрақұрылымның жаңаруы - ауыл шаруашылығы жануарларының саулығын сақтауға бағытталған қадам. Жаңа нысандардың арқасында мамандар профилактикалық және диагностикалық жұмыстарды тікелей ауылдық округтерде жүргізіп, мал ауруларының алдын алу шараларын жүйелі ұйымдастыра алады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты