«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Кітап оқу – білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, адамның дүниетанымы мен кәсіби көзқарасын қалыптастыратын маңызды үрдіс. Аталған ретте «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бастамасы қолға алынды. Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу мәдениетін дәріптеп, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
Шара барысында қатысушылар назарына жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісімен түсірілген телехикаядан үзінді ұсынылды. Адам жанының нәзік иірімдерін, махаббат пен адами қарым-қатынасты арқау еткен шығармада құндылықтар мен өмірлік таңдау мәселелері кеңінен көрініс тапқан.
Көрсетілімнен соң әдеби талқылау өрбіді. Мемлекеттік қызметшілер шығарма желісіндегі маңызды тұстарға тоқталып, кейіпкерлердің әрекеті мен автор көтерген мәселелерге қатысты пікірлерін ортаға салды.
«перевод:Осындай шараның ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер үшін маңызы зор. Себебі осы уақытқа дейін кітап оқуға қызығатын оқырман қауымға көп жағдайда назар аударылмай келді. Қазір ақпараттық технологияларға басымдық беріліп жатқанымен, осындай бастамалардың арқасында халықтың кітап оқуға деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқауға болады»
— Дінмұхамед Әлімбаев, Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – бір реттік шарамен шектелмейтін, жүйелі жалғасын табатын айшықты жоба. Өйткені кәсіби біліктілікпен қатар, рухани байлық пен кең дүниетаным мемлекеттік қызметшінің тұлғалық келбетін айқындайды. Ал, әдебиетке жақын, ізденіске құштар маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі де тереңдей түспек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


