Жаңалықтар

КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІ

КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІ

Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы тұрғын үйлерге табиғи ғаз беріле бастады. Көптен күткен көгілдір отынды кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары 10 қарашада басталған. Бұл- қаланың инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Газдандыру жобасы аясында 960 тұрғын үйді табиғи газға қосуға мүмкіндік беретін шығару нүктелері орнатылған. Ал, шағын аудандағы сегіз газ тарату жүйесінің бесеуі іске қосылды. Қазіргі таңда 80 абонент - техникалық шарт алып, үйлерін газға қосуға дайындық жүргізуде. Аталған жұмыстармен танысу мақсатында Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев пен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының бас инженері Ділдәбек Күлтеміров газға қосылған тұрғын үйлердің біріне арнайы барды.

«Ұлытау облысында газдандыру жұмыстары 2021 жылы басталды. Алғашқы кезеңде Жезқазған қаласына қарасты Талап ауылдық округі, кейін Кеңгір кенті табиғи газға қосылды. Бүгінде Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы тұрғын үйлерге де көгілдір отын беріліп жатыр. Жоба аясында 1399 үйді газбен қамту мүмкіндігі қарастырылған. Ал жалпы облыс бойынша 5мың тұрғын үйге газ жеткізуге мүмкіндік бар. Оның 2206сы табиғи газға қосылған»

— Ділдәбек Күлтеміров, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының бас инженері

Табиғи газдың берілуі-тұрғындар үшін тұрмыстық қолайлылықты арттырмақ. Бұған дейін қатты отын пайдаланған тұрғындар енді от жағу мен күл шығарудың машақатынан құтылмақ.

«3267 / КазАймақГазға үлкен рахмет! Кешеден бері келіп қосып, келіп қайта қайта көріп, бәрі жақсы ма деп біліп звандап келіп. Өте үлкен рахмет! Мынау қала басшыларына да үлкен рахмет! Көгілдір газымыз қосылып, өте қуанышты болып жатырқ. Тамаша,ризамыз! Үйіміз жылынып, өте берекелі шаңырақ болып жатырқ»

— Сымбат Қозыбаева, Батыс ықшам ауданының тұрғыны

Батыс ауданды газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Қала әкімі тұрғын үйлерді газ желісіне қосу кезінде техникалық нормалар мен қауіпсізік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты