Заң мен тәртіп

«КӨКЕ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ҰЛЫТАУДАҒЫ ПРЕМЬЕРАСЫ

«КӨКЕ» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ҰЛЫТАУДАҒЫ ПРЕМЬЕРАСЫ

#Заң мен тәртіп Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық музыкалық-драма театры сахнасында «Көке» комедиялық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

«Көке» - қоғамдағы таныс құбылыстарды әжуалайтын сатиралық комедия. Қойылымда Адал азамат ұғымына жат келетін жемқорлық пен пайдакүнемдік мәселелері өткір әзілмен көрсетілген. Спектакль авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов, қоюшы-режиссері - Мейрам Хабибуллин.

Премьераға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Қойылым барысы оларды терең ойға жетеледі. Актерлер де өз рөлдері арқылы бүгінгі қоғамның шындығын бейнелеуге тырысқан.

Премьераға өңірдегі бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары арнайы қатысып, өнер ұжымын жаңа қойылымның жарыққа шығуымен құттықтады.

Театр ұжымы алдағы уақытта да қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған креативті бағыттағы қойылымдарды қолға алмақ...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты