МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

Елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жаңартылуда. Биыл 1 шілдеден бастап күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң аясында конкурстық іріктеу жүйесі жетілдіріліп, үміткерлерге қосымша мүмкіндіктер қарастырылған. Енді мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. Үміткерлер өтінім беруден бастап, іріктеудің тиісті кезеңдеріне дейін онлайн қатыса алады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын үздік академиялық көрсеткішпен тәмамдаған жастарға мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
«Жаңа заңнамада жоғары оқу орындарын жақсы академиялық нәтижелермен аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған нормалар да көзделген. Заңнамада белгіленген талаптар сақталған жағдайда, GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары түлектерге ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жекелеген төменгі лауазымдарына конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі беріледі»
— Гүлнұр Садуақасова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


