Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ІС ШАРАЛАР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ІС ШАРАЛАР

«Заң және тәртіп!» Аталған тұжырымдама аясында облыс орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен студент жастармен кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын үлгі ету.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілдері студенттерге жемқорлықтың алдын алу мен оның қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін кері әсері туралы түсіндірді. Сондай-ақ заң талаптарын сақтау мен әр азаматтың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Жиында өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі де талқыланды. Студенттерге жемқорлыққа жол бермеу әр азаматтың берік ұстанымына, ал заңға бағыну кәсіби және қоғамдық қызметтің басты қағидатына айналуы тиіс екені түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық бағытты көздеген кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда әділдік, ашықтық және жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға оң серпінін бермек. Өйткені, Президент ұсынған «Адал азамат» қағидаты – құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды алғышартының бірі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты