Ұлытау ауданы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАЙТАЛМАНЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАЙТАЛМАНЫ

23 ші маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Аталған салада абыройлы және жемісті еңбек ету – жұртшылық тарапынан артылған сенім үдесінен шыға білудің көрінісі! Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік қызметтің майталманы жайындағы бейнематериалға кезек берелік..

Қуанышбек Байтенов – 1955 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келген. Бала кезінен есеп жүйрік өскен ол болашақ мамандығын бугхалтерлік саламен байланыстырады. Туған жерге туын тіге білген азамат мемлекеттік қызметте табан аудармастан 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, 2019 жылы зейнетке шыққан.

Қуанышбек Байтеновтың еткен еңбегі еленіп, өткен жылы «Мемлекеттік қызметтің ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сала майталманы – ізінен ерген жастарды елге адал қызмет етуге шақырады.

Жаңа Қазақстандық қоғамды құру және дамыту мақсатындағы маңызды істерде – мемлекеттік қызметтің алар орны айрықша. Бұл - ардагер мемлекеттік қызметшінің пайымды пікірі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты