МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА!

«Рәміздер – елдің айнасы!» Осындай атаумен Ұлытау ауданының орталығындағы Рәміздер алаңында салтанатты шара өтті...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тікелей тапсырмасына сәйкес, Әулиетаудың бауырында ашылған Рәміздер алаңындағы салтанатты шараға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов, еңбек ардагерлері мен жалынды жастар және белсенді тұрғындар қатысты.
Рәміздер алаңы бүгінде - Ұлытаудағы тарихи айшықты алаң! Кейінгі жылдары алаң аумағы түгелдей абаттандырылып, тұрғындардың таудың таза ауасымен тыныстайтын сүйікті орнына айналған.
Патриоттық бағытта өткізілген шарада Әулиетаудың биігіне Әнұран әуелеп, Мемлекеттік Ту көкке көтерілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


