Ұлытау ауданы

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Жаңару күні» - Ұлытау ауданының орталығында айрықша іс шаралармен атап өтілді. Мұндағы мерекеде – ұлттық мейрам мен цифрлық дамудың жаңалықтары бір арнаға тоғыстырылды...

«Қош келдің Әз Наурыз» атауымен өткен іс шараны – аудандағы мәдениет ошақтары – білім ордаларымен бірлесе қолға алған. Мұндағы негізгі мақсат: «Жаңару күнінде» - биылғы «Цифрландыру және жасанды интеллект жылының» жаңалықтарына басымдық беру. Аталған тақырыпта мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған инттелектуалды көрме көптің назарына ұсынылды...

Сондай-ақ жиналғандарға оқушылардың АЙТИ бағытындағы робототехника саласын дамытуды көздейтін жобалары таныстырылды. Олардың арасында балаларды кітап оқуға тартатын қызықты бағдарламалар да бар...

Осылайша ұлттық құндылық пен заманауи техникаларды қатар насихаттаған шара – ұрпақтың жаңашыл ойлау қабілетіне де өз серпінін береді деп күтілуде.

Жаңару күнінде - Этномәдени құндылықтардың қатарына енген «Асық ату» ойыны да кеңінен насихатталды. Мұнда асық ату спорты шеберлерінің басын қосқан аудандық біріншілік ұйымдастырылды. Қазақ халқының ежелгі ұлттық ойыны кейінгі жылдары Ұлытау ауданында кеңінен қанат жайып келеді...

Бүгінде Ұлытау облысында асық ату спорты бойынша 22 спорт шеберлігіне үміткер бар. Олардың қатарына Ұлытау ауданының спортшылары да енген. Аудан орталығында арнайы үйірме ашылған!

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшылар марапат биігіне көтерілді. Аудандық додада үздік атанғандар – облыст біріншілігінде Ұлытау ауданының намысын қорғайтын болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты