Ұлытау ауданы

ОБЛЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

ОБЛЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

«Мұқаш ағаның ақын шәкірттері!». Осындай атаумен Ұлытау ауданының орталығында - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы, айтыстың ақтаңгері Мұқаш Сейтқазиновтың 70 жас мерейтойына арналған облыстық оқушылар айтысы өтті...

Ақсүйек өнердің сахнасындағы сан додада Ұлытаудың намысын абыроймен қорғай білген Мұқаш Сейтқазиновтың мерейлі дүбірі – туған ауданында жалғасын табуда. Облыстық жыр жәрмеңкесі аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбектің алғысөзімен ашылды. Әрі қарай Мұқаш ақын - үзеңгісімін қағысып, ауыздығымен алысып тұрған жас шайырларға батасын берді.

Ұлытау ауданы әкімдігі мен Білім бөлімінің бірлесе қолға алған сөз сайысында – 14 ақын бақ сынады. Айтыс қатысушылары – оқушы болса да, ел мен жердің тарихына тереңірек тоқталып, Тәуелсіздікті жырға қосты. Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңдар да айтылды...

Қазылар алқасының шешімімен финалға 2 жұп, 4 ақын жолдама алды. Айта кетейік. Мұқаш Сейтқазиновтың негізгі мамандығы – мұғалімдік! Сол себепті де бұл дода – аудандық Білім бөлімі тарапынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда...

Дода қортындысында бас жүлде – екі айналымда да оза шапқан ұлытаулық Гүлім Егеубайға берілді.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге қаржылай сыйақы мен ұлттық аспап домбыра табыс етілді. Айтыс соңында аудан халқы мен ұлағатты ұстаздар атынан Мұқаш Сейтқазиновтың астына ат мінгізіліп, иығына шапан жабылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты