ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

«Заң мен Тәртіп!» Аталған қағидат аясында Ұлытау облыстық прокуратурасында арнайы Ашық есік күні ұйымдастырылып, онда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен 2025 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі таныстырылды...
#ЗАҢМЕНТӘРТІП логотипымен Өткен жылы облыста тіркелген жалпы қылмастар саны – 2024 жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 66,7 пайызға азайған. Аталған оң көрсеткіштер – Президент ұсынған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдасына негізделген іс шаралардың жемісі дейді прокуратура қызметкерлері...
Ашық есік күнінде - облыстық прокуратура ғимаратындағы Ахуал орталығының жұмысы да таныстырылды. Мұндағы бейнебақылау камералары қала тыныштығын тәулік бойы қадағалайды. Жасанды интелектіге негізделген бақылау құралдары – суыт қарумен жүрген күдікті тұлғаны автоматты түрде анықтай алады.
Заман және заманауи технологиялардың дамуымен кейінгі жылдары жасалатын қылмыстың түрі – интернет-алаяқтық. Бұл мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды облыстық полиция департаментінің салаға жауапты басқармасының бастығы баян етті.
Қоғамның тұрақтылығына бағытталған іс шаралар әрі қарай да жалғаса бермек. Негізгі мақсат: азаматтардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


