«ӨНЕРІМ – ӨМІРІМНІҢ ӨЗЕГІ!»

«Өнерім – өмірімнің өзегі!» Халықаралық қарттар күнінде, Ұлытау ауданында аталған тақырыпта айрықша өнер байқауы өтті...
«Дүниеге келер бір рет, дәрия кеуде тау-мүсін» қазына қариялардың бұл жолғы мерекесі Ұлытауда ерекше форматта ұйымдастырылды. Өнерге таласы бар ардагерлерді сахнаға шығарған байқау - аудан әкімдігінің қолдауымен қолға алынған. Ал, Ішкі саясат бөлімінің басшысы – «қарияларға қамқорлық мақсатын көздеген жобалар ауқымы ауданда жыл сайын кеңейіп келеді», деді...
Өнер сайысында – ауданға қарасты елді-мекендерден 15 еңбек ардагері бақ сынады. Қатысушыларға құрмет көрсетіліп, ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек арнайы құттықтады.
Байқау қортындысында қазылар алқасының шешімімен Қаракеңгірлік ақ жаулықты әже Зина Айтбаева жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлер алғыс хаттары және қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар еңбек ардагеріне «Құрметті ардагер» төсбелгілері табысталды. Ұлытаудың биігінен ән қалықтаған айтулы шара жалғасын таба бермек...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


