Жаңалықтар

ӨҢІР ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ӨҢІР ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Облыс әкімі Есет Байкен өңір жастарымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен басқосуда жас буынның аймақ дамуына қосар үлесі, жастар саясатының өзекті мәселелері мен жаңа бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Бүгінде облыста 60 мыңнан астам жас бар. Бұл - өңір халқының 28 пайызын құрайды. Кездесуде жастардың сапалы білім алуына, кәсіби тұрғыда қалыптасуына және туған өлкесінде өз қабілетін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ олардың азаматтық белсенділігін арттырып, тың идеяларын нақты жобаларға айналдыруға қолдау көрсету жайы сөз болды.

Жастар да өз кезегінде өңірдің дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, облыста жоғары оқу орнын ашу, жастарға арналған заманауи орталық салу және облыстық Жастар ресурстық орталығын құру сынды бірқатар мәселелер көтерілді.

Кездесу барысында жастардың бірқатар ұсынысы қолдау тауып, оларды жүзеге асыруға қатысты нақты шешімдер қабылданды. Мұндай ашық диалог жас буынның бастамаларын қолдауға және олардың өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуына жол ашпақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты