ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ

Бүгін Сәтбаев қаласында «The Musical Show» республикалық фестиваль-байқауы басталды.
Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы мен Облыстық Білім басқармасы және Кеншілер шаһарындағы Оқушылар үйінің бірлесе ұйымдастыруымен қолға алынған Фестивальге еліміздің әр түкпірінен 70-ке жуық жас талант қатысуда. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін бірнеше бағыт бойынша көрсетеді. Атап айтар болсақ: хореография, вокал және театрландырылған қойылым.
Үміткерлердің өнерін әр сала бойынша кәсіби дәрежелі қазылар алқасы саралауда. Ал, өнерлі оқушылар - республикалық додаға деген дайындығымыз жоғары деңгейде дейді...
«(Менің жасым 13 те. Бүгінгі байқауда Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының намысын қорғайтын боламыз. Біз ұжымдық сында өз командамызбен хореография жанры бойынша қатысамыз. Дайындығымыз жақсы. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!)»
— Ярослава Татаринско, байқау қатысушысы
Бүгін фестивальдің алғашқы кезеңі болды. Іріктеуде іркілмегендер ертең өтетін ақтық сында өнер көрсетеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


