СӘТБАЕВТА МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Сәтбаев қаласында мәдениет пен өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Айтулы мерекеге орай Кеншілер сарайында ұйымдастырылған шарада қала мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген сала мамандары құрмет төрінен көрінді.
Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Дархан Мұқан ашып, мәдениет саласының қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық мәдениетті дамыту және жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәдениет қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.
Мерекелік шара барысында бірқатар мәдениет қызметкерлері қала әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар түрлі номинациялар бойынша үздіктер анықталып, шығармашылық еңбегімен дараланған мамандарға арнайы сый-сияпаттар табысталды. Солардыңқатарында композитор Омархан Несіпхановатындағы арнайы жүлде де бар.
Мерекелік жиын жүрекжарды құттықтаулар мен жылы лебіздерге ұласты. Шара соңында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда Омархан Несіпхановтың шығармалары орындалып, кеншілер қаласының бай рухани-музыкалық мұрасы кеңінен дәріптелді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


