Сәтбаев қаласы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Сәтбаев қаласында өтіп жатқан республикалық «The Musical show» байқауы бүгін мәреге жетті. 70 ке жуық жас талантты бір сахнада тоғыстырған өнер додасы тартысқа толы болды…

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы күні де, ақтық кезеңі де жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар вокалды шеберлік, хореография және театрландырылған қойылым бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтады. Ұйымдастырушылар – өнерлі оқушылардың қарым-қабілетіне жоғары баға беруде.

Байқау қорытындысында үшінші орынды Қызылорда облысының "Таңшолпан" командасы иеленсе, екінші жүлде Қызылордалық тағы бір ұжым "Симфония" командасына берілді. Ал, Бірінші орынды Ұлытау облысының "Мейірім" командасы мен Абай облысының ұжымы бөлісті.

Командалық марапаттардан бөлек, жекелей сындағы қатысушылар ға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, "Үздік сахналық образ" «Үздік вокал» аталымдары да өз иелерін тапты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты