СӘТБАЕВТА ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Өңірде наурызнама онкүндігі аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Аталған ретте - Сәтбаев қаласында отбасы құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығының символы саналатын Шаңырақ күні кең көлемде атап өтілді...
Орталық алаңда өткен мерекеге қала тұрғындары көптеп жиналды. Сахнада ұлттық ән мен би жарасым тауып, салт дәстүрге негізделген түрлі қойылымдар көрерменге ұсынылды. Өнерпаздар қазақы дәстүрді дәріптеп, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алаңға жиналған жұртшылық мерекелік бағдарламаны ерекше ықыласпен тамашалады. Көңілді әндер мен әсерлі қойылымдар көрерменге шаттық сыйлап, мерекенің шырайын аша түсті.
Айта кетейік, биыл Ұлытау облысында наурызнама онкүндігі аясында халықтың дәстүрі, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған 60-қа жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


