Жаңалықтар

ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

Жезқазғанда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды. Оқиға 1 қараша күні Сәтбаев көшесі 70Б мекенжайында болған. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен. Анықталғандай, пәтерлердің бірінің ас бөлмесінде жиһаздар мен тұрмыстық техника отқа оранған. Жалын шарпыған аумақ 12 шаршы метрді құрады. Құтқару жұмыстары барысында өрт сөндірушілер арнайы қорғаныш құралдарының көмегімен төрт адамды қауіпсіз жерге алып шықты.

«Тұрғын үйден барлығы 11 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде жалынның өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 14:11-де толық сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды»

— Дидар Құйқабаев, Жезқазған қалалық ТЖБ бастығы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты